Accessibility links

Қаржы полициясы төрағасының орынбасары тағайындалды


Ақорда - Қазақстан президентінің Астанадағы резиденциясы.

Ақорда - Қазақстан президентінің Астанадағы резиденциясы.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан республикасының экономикалық қылмыстармен және сыбайластық жемқорлықпен күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары қызметіне Марат Шабақбаевты тағайындау туралы өкім шығарды. Бұл туралы ақпарат бүгін президенттің ресми сайтында жарияланды.

Дәулет Айтжанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан қаржы полициясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

1956 жылы туған Марат Несіпбекұлы Шабақбаев бұған дейін осы қаржы полициясының арнайы департаментінің бастығы, бас прокуратураның ішкі қауіпсіздік басқармасының бастығы, әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары қызметтерінде істеген.
XS
SM
MD
LG