Accessibility links

Израиль Газа секторына бара жатқан кемені ұстады


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Израильдің әскери күштері Газа секторына жүзіп бара жатқан кемені ұстағаны туралы ақпаратты растады. 7 қазан күні Неапольдан шыққан "Estelle" деп аталатын, Финляндияның жалауы ілінген кемеде әр елден жиналған Палестинаны қолдайтын 20-ға жуық адам болған.

Кемені ұстаған кезде ешкім зардап шеккен жоқ деп хабарлады Израильдің әскери басшылығы.

2007 жылы Газа секторында билікке ХАМАС исламшыл тобы келген соң Израиль ол аймаққа теңізден экономикалық тосқауыл орнатқан еді. 2010 жылы мамырдың соңында теңіз арқылы осы тосқауылды бұзып Газаға гуманитарлық жүк алып өтпекші болған Түркиялық «Азаттық флотилиясын» ұстау кезінде израильдік әскерилер қару қолданып, салдарынан түріктің 9 азаматы мерт болды.

Бұл оқиғадан соң Түркия мен Израиль арасындағы қарым-қатынас нашарлап кетті.
XS
SM
MD
LG