Accessibility links

Қазақстан корей қауымдастығының ХІІ съезі өтті


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Бүгін Астанадағы Максим Горький атындағы орыс драма театрында Қазақстанның корей қауымдастығының ХІІ съезі өтті деп хабарлайды Қазақпарат.

Съезд жұмысына Қазақстанның әр аймағынан келген 80 делегат қатысқан. Съезде қауымдастықтың орталық кеңсесін Алматыдан Астанаға көшіру туралы шешім қабылданған.

Съезд Қазақстанның корей қауымдастығының президенті етіп парламент мәжілісінің депутаты Роман Кимді қайта сайлады.

«Қазақстандағы корей диаспорасының 75 жылдығына орай біз Алматы облысының Үштөбе қаласы мен Орал қаласында қазақ халқына деген сыйластықтың белігісі ретінде ескерткіштер орнаттық. Бұл біздің халқымыздың басынан өткен нәубет кезінде қазақ халқының көрсеткен жанашырлығы мен қамқорлығына айтқан алғысымыз. Қазақ халқы бізге болашаққа деген сенім берді. Біздің сол жылдарды ұмытуға құқымыз жоқ. Біз тағдыр тәлкегіне түскен кезде қол ұшын бергендерді ешқашан ұмытпауға тиіспіз» деді съезде сөйлеген Роман Ким.
XS
SM
MD
LG