Accessibility links

Муаммар Каддафидің ұлы өлтірілді


"Бени Валид қаласында болған үкімет әскері мен содырлар арасындағы қақтығыс кезінде Ливияның бұрынғы жетекшісі Муаммар Каддафидің ұлы Хамис Каддафи өлтірілді" деп хабарлайды Риа-новости агенттігі Ливия ұлттық конгресінің ресми өкілі Омар Хомейданның мәлімдемесіне сілтеме жасаған египеттік БАҚ-тарға сүйене отырып.

Омар Хомейданның сөзіне қарағанда "Хамис Каддафидің денесі Мисрат қаласына жеткізілген".

Осыған дейінгі ақпараттардың кейбірінде "дала командирлерінің қолына түскен Хамис Каддафи Мисрат қаласындағы аруруханалардың бірінде жатыр" делінсе, енді бірінде "Мисрат госпиталіне апара жатқанда қаза болды" деген хабар тарады.

Сондай-ақ "Хамис Каддафи соңғы бес-алты күн ішінде содырлар жасағын Бени Валиде өлім халінде жатып басқарды" деген де ақпараттар шыққан еді.

Осыдан бір жыл бұрын Хамис Каддафидің әкесі Муаммар Каддафи көтерілісшілер қолынан қаза болды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG