Accessibility links

АҚШ Иранмен келіссөзді теріске шығарды


АҚШ президенті Барак Обама әкімшілігінің өкілдері «Иранның ядролық бағдарламасы жөнінде Вашингтон Тегеранмен келіссөз жүргізуге алдын –ала уағдаласты» деп хабар таратқан New York Times газетінің ақпаратын теріске шығарды.

Аталған газет осыған дейін Ақ үйдің шенеуніктеріне сілтеме жасай отырып «6 қарашада өтетін АҚШ-тағы президент сайлауынан кейін Иран келіссөз бастауға келісім берді» деген ақпарат таратқан еді.

АҚШ "құпия түрде ядролық қару жасап жатыр" деп Ираннан қауіптенсе, өз кезегінде бұл мемлекет ядролық бағдарламасын бейбіт мақсаттарға арнайтынын айтады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG