Accessibility links

БҰҰ елшісі құрбан айтта қару тастауға шақырады


БҰҰ арнаулы елшісі Лахдар Брахими. Дамаск, 19 қазан 20120 жыл

БҰҰ арнаулы елшісі Лахдар Брахими. Дамаск, 19 қазан 20120 жыл

Бүгін Дамаскіде Біріккен ұлттар ұйымының Сирия бойынша арнаулы елшісі Лахдар Брахими Сирия президенті Башар Асадпен кездеседі.

Ол 26 қазанда басталатын мұсылмандардың мерекесі - ид-әл-адха – Құрбан айт қарсаңында Сириядағы тартысушы тараптарды бейбіт өмірге шақырып көрмек. Бұл идеяға Иран, Ирак, Түркия және Германия қолдау көрсеткен.

Алайда Сирия үкіметі де, қарулы оппозиция да Брахимидің сөзіне әзірге құлақ аса қоймаған.

Лондонда орналасқан Сирия құқық қорғаушыларының мәліметтеріне қарағанда, соңғы тәуліктердің өзінде оппозициялық күштер мен бейбіт адамдардан 40, Асад армиясынан 20-дан астам жауынгер қақтығыс кезінде оққа ұшқан.
XS
SM
MD
LG