Accessibility links

Саакашвили парламентті «қақпанға» түспеуге шақырды



Бүгін Грузия парламенті жаңа шақырылымының алғашқы отырысы өтті. Бұл отырысқа қатысуға Грузия президенті Михаил Саакашвили келгенде «Грузия арманы» коалициясынан сайланған депутаттар орындарынан тұрмады. Тек «Бірыңғай ұлттық қозғалыстың» өкілдері ғана Саакашвилиге құрмет көрсетті.

Отырыста сөз сөйлеген Саакашвили парламентті консруктивті жұмыс істеуге және «дұшпанның қақпанына» түспеуге шақырды.

"Біз жау емеспіз, біз тек саяси бәсекелеспіз. Сайлау кампаниясы күрделі болғаны рас, бірақ сіздер енді халықтың бір бөлігінің ғана емес, тұтас грузин халқының атынан сөйлейсіздер. Осы уақытқа дейін бәсекелесіп келдік, енді жұмыс істейтін уақыт жетті» деген ол Грузияның аумақтық тұтастығын қалпына келтіру мәселесімен де шұғылдану керектігін айтып, «басқыншылардың Грузияға құрған қақпанына түсіп қалмауға» шақырды.

Сондай-ақ Грузия президенті аймақ губернаторлары мен ірі қалалардың мэрлерін тікелей сайлау жөнінде бастама көтерді.
XS
SM
MD
LG