Accessibility links

Канада сарбазы Ресейге тыңшылық жасаған


Канадалық теңіз барлау қызметінің офицері, 40 жастағы Пол Делиль тыңшылық жасап, Канада мен АҚШ-тың құпия деректерін Ресейге сатып отырғанын мойындады деп мәлімдеді АҚШ-тың Канададағы елшісі Дэвид Джейкобсон.

Джейкобсон Ресейге нақты қандай ақпараттардың берілгенін айтпағанымен, сатылған құпия материалдың өте көп екенін хабарлады. Оның айтуынша, ақпарат беріп отырғаны үшін Ресей офицерге айына 3 мың АҚШ доллары көлемінде ақша төлеген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG