Accessibility links

Қырғызстанда "Ата Жұрт" жетекшісі аштықты тоқтатты


"Ата Жұрт" партиясының жетекшісі Қамчыбек Ташиев.
"Ата Жұрт" партиясының жетекшісі Қамчыбек Ташиев.
Қырғызстанның оппозициялық "Ата Жұрт" партиясының жетекшісі Қамчыбек Ташиев өзін қамауға наразылық ретінде жариялаған аштығын тоқтатты деп хабарлайды Азаттық радиосының Қырғыз қызметі.

"Ол аштықты жақтастарының, ақсақалдар мен түрлі қоғамдық ұйымдардың өтініші бойынша тоқтатты. Дәрігерлер оны өліп кетпеу үшін мәжбүрлеп тамақ беруге тырысқан. Сол себепті ол тек судан өзге ешнәрсе ішпейді" деді оның адвокаты Икрамидин Айтқұлов.

Қамчыбек Ташиев аштықты 16 қазанда жариялаған. 19 қазанда ол су іше бастады. Қазір ол мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің ауруханасында жатыр. Адвокаты оны қамау туралы шешімді ауыстыруды сұрап, бас прокуратураға қайырылған.

Ташиев 3 қазанда Бішкекте оппозицияның "Құмтөр" алтын кенішін мемлекет меншігіне қайтаруды талап еткен митингісінен соң қамалған. Ол мемлекеттік билікті күшпен басып алмақ болды" деген күдікке ілінген.
XS
SM
MD
LG