Accessibility links

Қырғыз депутаты Жапаров қамауда қалды


"Ата Жұрт" партиясынан сайланған депутат Садыр Жапаров.

"Ата Жұрт" партиясынан сайланған депутат Садыр Жапаров.

Бішкек қаласының соты Первомай ауданы сотының "Ата Жұрт" партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі Садыр Жапаровты екі айға қамау туралы шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Азаттық радиосы Қырғыз қызметінің хабарлауынша, депутаттың адвокаты Тоқтоғұл Әбдиев сот шешіміне қатысты жоғарғы сотқа шағымданатынын айтады.

Бұған дейін Бішкек соты партия жетекшісі Қамчыбек Ташиев пен депутат Талант Мамытовқа қатысты да осындай шешім шығарған. Оппозиция жетекшілеріне 3 қазанда Құмтөр алтын кенішін мемлекет меншігіне алуды талап еткен шеруде "билікті күшпен басып алмақ болды" деген айып тағылып отыр.
XS
SM
MD
LG