Accessibility links

Ливанда үкіметке наразылар мен полиция қақтығысты


Генерал Висам әл-Хасан мен оның оққағарын жерлеу рәсіміне жиналғандар. Ливан, Бейрут, 21 қазан 2012 жыл.

Генерал Висам әл-Хасан мен оның оққағарын жерлеу рәсіміне жиналғандар. Ливан, Бейрут, 21 қазан 2012 жыл.

Ливан полициясы Бейрутте үкімет үйіне басып кірмек болған халықты кері шегіндіру үшін көзден газ ағызатын газ қолданып, аспанға оқ атты.

Қақтығыс жарылыс кезінде қаза тапқан Ливан арнайы қызметі генералдарының бірі Висам әл-Хасанды жерлеу барысында басталды. Генералдың көлігінде жарылған бомбаның жауапкершілігін ливандықтар Сирия режимінен көреді.

Генералды жерлеуге жиналғандар үкімет үйінің қоршауын бұзып кіріп, полициямен қақтығысты. Наразылық танытушылар ел премьер-министрі Наджиб Микатидің отставкаға кетуін талап етті. Олар үкіметті Сирия режимімен және оны қолдайтын шииттік "Хезболла" ұйымымен тығыз байланыста деп айыптайды.

Ал АҚШ Ливан арнайы қызмет орындарына генералға жасалған қастандықты тергеуге көмектесетінін білдірді. АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Виктория Нуландтың айтуынша, бұл туралы мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон мен Наджиб Микати келісім жасасқан.
XS
SM
MD
LG