Accessibility links

Бергей Рысқалиевтің туысының үстінен іс қозғалды


Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев.

Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев.

Атырау облысының экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті (қаржы полициясы) облыстың бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің туысы Рүстем Әлбақасов пен облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Болат Дәукеновке байланысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлады.

Агенттігінің хабарына қарағанда, «Kazcaspian industrial servise» фирмасының директоры және Атырау қалалық әкімдігінде түрлі лауазымды қызметтер атқарған Рүстем Әлбақасовқа "мемлекеттің 343 миллион теңге қаржысын жымқырды" деген айып тағылып отыр. Бұл қаржы облыстық бюджеттен мемлекет қажетіне арналған жер телімдерін сатып алуға бөлінген.

Ал Болат Дәукеновке мешіт құрылысына бизнесмендерден қайырымдылық көмегін жинау үшін құрылған "Бизнес-Көмек" қорынан 202 миллион теңге қаржы жымқырды деген айып тағылды.

Бұған дейін Атырау облысының қаржы полициясы Рүстем Әлбақасовқа халықаралық іздеу жариялаған.

Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев пен оның інісі Аманжан Рысқалиға да халықаралық іздеу жарияланған.
XS
SM
MD
LG