Accessibility links

Назарбаев: ЕО-мен жаңа келісім жобасы дайындалып жатыр


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Австрия президенті Хайнц Фишер (оң жақта) ресми кездесуде отыр. Вена, 22 қазан 2012 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Австрия президенті Хайнц Фишер (оң жақта) ресми кездесуде отыр. Вена, 22 қазан 2012 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Австрияға ресми сапары аясында Қазақстан мен Еуропа Одағының (ЕО) қарым-қатынасы жөнінде жаңа келісім дайындалып жатқанын айтты.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, президент Назарбаев Венада халықаралық консультативтік кеңес мүшелерімен кездесуде:

- Қазір бізді ЕО-дағы жағдай қызықтырып отыр. Сарапшылар ЕО-дағы дезинтеграция және Баррозудың Еуропа елдері федерациясын құру, қаржы жүйелерін біріктіру туралы ұсынысы жөнінде айтып жатыр. Бұл процестердің Қазақстанға қалай әсер ететіні бізді қызықтырады. Біз қазір ЕО-мен арадағы ынтымақтастық және әріптестік туралы жаңа келісімге қатысты жұмыс жасап жатырмыз. Бүгін Австрия президентімен, канцлермен және парламентте жақсы кездесулер өтті, - деді.
XS
SM
MD
LG