Accessibility links

Грузия Ресеймен байланысты жақсартуға мүдделі


Грузияның сыртқы істер министрі қызметіне ұсынылған Майя Панджикидзе Ресеймен қарым-қатынасты жақсартуды Тбилисидің сыртқы саясатта ұстанатын басымдықтарының бірі деп атады.

Бүгін парламент комитеттерінің бірінде сөйлеген Панджикидзе бұған қоса Ресей Грузия өз аймағы деп санайтын Оңтүстік Осетия мен Абхазияның тәуелсіздігін мойындаудан бас тартпайынша Мәскеу мен Тбилисидің қарым-қатынасы жақсара қоюы екіталай екенін ескертті.

"Жаңа үкіметтің Абхазия мен Оңтүстік Осетияға қатысты ұстанымы өзгермейді" деп нығарлай айтты Панджикидзе.

Панджикидзе 1 қазандағы парламент сайлауында жеңіске жеткен "Грузия арманы" оппозициялық коалициясының өкілі. Таяуда парламент оппозиция жетекшісі Бидзина Иванишвилидің басқаруындағы жаңа үкімет құрамын бекітуі тиіс.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG