Accessibility links

Еуропарламент Магнитский ісіне қатысты қарар қабылдады


Заңгер Сергей Магнитский. Мәскеу, 29 желтоқсан 2006 жыл.

Заңгер Сергей Магнитский. Мәскеу, 29 желтоқсан 2006 жыл.

Еуропа парламенті заңгер Сергей Магнитскийдің өліміне қатысты Ресей шенеуніктерінің активтерін құрсаулап, оларға виза беруге тыйым салатын қарарды мақұлдады.

Қарарда бұған қоса Ресейді Магнитскийдің ісін тәуелсіз түрде тергеуге және елдегі сыбайлас жемқорлықты құқықтық реформа жүргізу арқылы жоюға шақырған бап бар. Депутаттар Брюссельді Ресей билігі өкілдерімен екіжақты кездесулерде аталған мәселелерге жіті назар аударуды ұсынады.

Мәскеулік заңгер Сергей Магнитский 2009 жылы тергеу изоляторында қаза тапқан. Оны үлкен мөлшердегі бюджет қаржысын жымқыру фактісін әшкерелеген тергеу жүргізгеннен кейін изоляторда азаптап өлтірді деген күдік бар.

Еуропа парламенті 2010 жылы осыған ұқсас қарар қабылдаған еді. Бірақ Еуропа Одағына мүше елдер оны қабылдауға санкция салған.
XS
SM
MD
LG