Accessibility links

Алматы облысында 837 полицей "аттестациядан өте алмады"


Қоғамдық тәртіпті бақылап тұрған полицей. Алматы облысы. (Көрнекі сурет).

Қоғамдық тәртіпті бақылап тұрған полицей. Алматы облысы. (Көрнекі сурет).

Алматы облысында 800-ден астам полицей кезектен тыс аттестациядан өте алмады деп хабарлады облыстың ішкі істер басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасаған "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Департаменттің дерегінше, қазірге дейін облыста 837 полицей мандаттық комиссияның шешімімен "лауазымына лайық емес" деп танылған. "Олардың 113-ін қызметінен төмендетуге, 553-ін басқа жұмыс ауыстыруға, ал 171-ін қызметтен босатуға ұсыныс жасалды" дейді баспасөз қызметі.

Аттестация әлі жалғасып жатыр.
XS
SM
MD
LG