Accessibility links

Саакашвили тұңғыш президенттің ұлына рақым жасады


Цотне Гамсахурдия. Грузия, 5 наурыз 2007 жыл.

Цотне Гамсахурдия. Грузия, 5 наурыз 2007 жыл.

Грузия президенті Михаил Саакашвили елдің тұңғыш президенті Звиад Гамсахурдияның ұлы Цотне Гамсахурдияға рақымшылық жасады.

Цотне Гамсахурдия үш жыл бұрын "қастандықпен кісі өлтірді және заңсыз қару сақтады" деген айыппен сотталған. Кейін түрме тәртібін бұзды деп, жаза мерзімі 10 жылға дейін ұзартылған. Цотне Гамсахурдия өзін "саяси қуғын-сүргін құрбаны болдым" деп санайды.

Президент әкімшілігінің хабарлауынша, Саакашвили Гамсахурдияға рақымшылықты Грузия православие шіркеуінің патриархы Екінші Ильяның өтінішімен жасаған.
XS
SM
MD
LG