Accessibility links

Берлинде нацизм құрбандары ескерткіші ашылады


Холокост құрбандарына арналған ескерткіш. Ереван, Армения. (Көрнекі сурет).

Холокост құрбандарына арналған ескерткіш. Ереван, Армения. (Көрнекі сурет).

Германия канцлері Ангела Меркель бүгін екінші дүниежүзілік соғыс кезінде нацистер қырғынға ұшыратқан жарты миллион этникалық сығандарға арналған ескерткіш мемориалдың ашылу рәсіміне қатысады.

Мемориалды тұрғызуға жұмсалған 2,8 миллион еуроны Германияның федералдық үкіметі бөлген. Ескерткіш Берлиннің орталығындағы Рейхстагқа (парламент үйі) жақын жерде тұрғызылған. Бұл маңда нацистердің құрбаны болған еврейлер мен гомосексуалдарға арналған ескерткіштер де бар.

Ескерткіштің ашылу салтанатына нацистік лагерьлерден аман қалған, жастары егде тартқан 100-ге тарта сыған да қатыспақ.

Нацистер сығандарды, еврейлерді өздерінен төмен тұрған нәсіл деп санаған.
XS
SM
MD
LG