Accessibility links

Аштық жариялаған тұтқын ауруханаға түсті


Аурухана. (Көрнекі сурет).

Аурухана. (Көрнекі сурет).

Павлодар облысындағы АП 162/10 қоныстану колониясында екі апта бойына аштық жариялаған тұтқын Екібастұз қаласының ауруханасына түсті деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

"25 жастағы тұтқын Сабина Махина колония басшыларының бірінің өзіне жыныстық қызмет көрсетуге бопсалауына наразылық ретінде аштық жариялаған. Соққының іздері сот медициналық сараптама жасатуға жіберілді. Кеше оған ауруханада ем-дом жасалып, ол су ішуге келісті" дейді "Зорлық-зомбылыққа қарсы тұру" қоғамдық бірлестігінің өкілі елена Семенова.

Тұтқынның аштық жариялағанын облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті тәрбие жұмыстары бөлімінің бастығы Борис Гаврилюк те растады. Есірткіге қатысты қылмыс жасағаны үшін 6 жылға сотталған тұтқынның 10 қазанда өзін жазалай бастаған соң аштық жариялағанын айтады Гаврилюк.
XS
SM
MD
LG