Accessibility links

Храпунов Швейцариядан саяси баспана сұрады


Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі.

Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі.

Алматы қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов өзі тұрып жатқан Швейцариядан саяси баспана сұрады. Бұл туралы ол Forbes Kazakhstan журналына берген сұхбатында айтады.

Сұхбатында ол өзі мен әйелі Ләйлә Храпуноваға «қауіп төніп тұрғанына» алаңдаушылық білдіріп, Швейцария үкіметінен саяси баспана сұрағанын мәлім еткен.

«Швейцария мені Қазақстанға қайтармайды. Швейцария билігі маған тағылған айыптардың саяси астары бар екенін және қолдан жасалғанын жақсы түсінеді» деді ол.

Қазақстан билік орындары Интерпол халықаралық полиция ұйымы арқылы Храпуновты «алаяқтық жасады, қаржы жымқырды және ұйымдасқан қылмысқа қатысы бар» деген айыппен іздеп жатыр. Осыған ұқсас айып бойынша оның әйелі Ләйлә Храпуноваға да таяуда экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі іздеу жариялаған.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 63 жастағы Виктор Храпунов 2008 жылдан бері Швейцарияда тұрады. 2009 жылдың желтоқсан айында франциялық «Билан» журналы оны Швейцариядағы ең дәулетті 300 адам санатына қосқан еді.
XS
SM
MD
LG