Accessibility links

Қытай әскерінің басшылығы түгел ауыспақ


Қытай төрағасы Ху Цзиньтао әскери теңіз күштерін аралап көріп жүр. Далянь, 25 қыркүйек 2012 жыл

Қытай төрағасы Ху Цзиньтао әскери теңіз күштерін аралап көріп жүр. Далянь, 25 қыркүйек 2012 жыл

Daily Telegraph басылымы қазанның 24-і күні Қытайдың әскери саласындағы кадрлық саясатқа қатысты мақала басты.

Мақала авторының зерттеуінше Қытай үкіметі ұлт-азаттық әскерін (ҰАӘ) толығымен қайта жасақтау реформасын бастаған. Таяу арада ұлттық армияның елге танымал генералдары қызметінен кетіп, олардың орнына жаңа басшылар келеді. Осылайша әлемдегі ең үлкен армия өзінің жаңару процесін бастады.

«ҚЫТАЙ АРМИЯСЫ ҚАЛАЙ ҚАРАЙ БЕТ АЛАДЫ?»

Daily Telegraph-тың жазуынша, армияны қайта жасақтау туралы жарлық қазанның 24-і жарияланған. ҰАӘ кадрлық саясат, армияның моральдік жігері мен коммунистік партияға толық бағыну мәселесіне жауапты бас саяси басқарма кеңсесіне жаңа әуе күштері командирін тағайындаған.

Өткен аптадан бері халықаралық саяси және әскери сарапшылар құрамында 2.3 миллионға жуық сарбазы бар үлкен армиясын Қытай үкіметі алдағы бес жылда қай бағытта қолданатыны туралы жоспарларды болжап әлек.
Қытай ұлт-азаттық әскерінің сарбаздары жаттығу кезінде. Иньчуань, 3 наурыз 2011 жыл

Қытай ұлт-азаттық әскерінің сарбаздары жаттығу кезінде. Иньчуань, 3 наурыз 2011 жыл


Автордың келтірген дерегі бойынша жақында Гуанчжоу провинциясында қызмет етіп келген провинциялық 61 жастағы генерал Чжан Ян күтпеген жерден Бейжіңде төбе көрсетіп, орталық театрда қойылған спектакльде Карл Маркстің рөлінде ойнаған әртістің қасында тұрған суреті жарияланған.

Сарапшылар сол кезде-ақ «Бас саяси басқарманың ендігі жетекшісі осы болар» деп болжаған. «Олардың болжамдары дәл келді деп» жазады Daily Telegraph.
Мамандар жанжалға ұрынған саясаткер Бо Силаймен бірге екі беделді генерал Лю Юань мен Чжан Хайян қызметтен айырылған соң генерал Чжан Янның қызметтегі мансабының тез өсті деп тұспалдайды.

«АҚШ ӨЗ ШАРУАСЫН БІЛСІН»

Әуе күштерінің жаңа басшысы боп тағайындалған Ма Сяотянь бұған дейін АҚШ әскерінің Азияда көбейіп бара жатқанын ашық айтып жүрген 63 жасар генерал. Ма Сяотянь 2010 жылы АҚШ-ты «қырғи-қабақ» соғысын қалпына келтіруге әрекеттеніп жатыр деп айыптаған болатын. Биылғы жылдың басында Қытайдың Оңтүстік Қытай теңізіндегі жер дауы сөз болғанда ол осы проблемаға орай «АҚШ-тың шаруасы болмасын» деген.

Мақала авторының зерттеуінше, аты аталған екі басшы да құрамы он генерал мен екі саясаткерден тұратын орталық әскери комиссияның (ОӘК) екі орнын иеленбек. Орталық әскери комиссияны Қытайдың қазіргі саяси жетекшісі Ху Цзиньтао басқарады. Алайда Ху Цзиньтао мемлекет басшылығын Си Цзиньпинге өткізіп берген соң да комиссия төрағасының орынбасары қызметін атқара бергісі келеді деген болжам бар.

«ЫҚПАЛДЫ ГЕНЕРАЛДАР»

Алайда болашақта генералдардың зейнет жасына жетуіне байланысты ОӘК құрамында өзгерістер болмай қоймайды. Қытайдағы ҰАӘ-ді зерттейтін маман, Массачусетс технологиялық институтының профессоры Тэйлор Фревел басылымға: «Бұл оқиғалар өте маңызды өзгерістен хабар береді. ОӘК қазіргі мүшелерінің түгелге жуығы отставкаға кетеді, басқалары орындарын жаңа басшыларға босатады» деген.
АҚШ пен Қытай әскерінің орталық штаб жетекшілері кездесіп тұр. Бейжің, 11 шілде 2011 жыл

АҚШ пен Қытай әскерінің орталық штаб жетекшілері кездесіп тұр. Бейжің, 11 шілде 2011 жыл


Басылымның болжауынша, отставкаға кететін генералдардың көбі Қытайдың бұрынғы басшысы, әлі күнге дейін Коммунистік партияның ең ірі жетекшілеріне ықпалы жүретін Цзянь Цзэминьге бағынышты болған. Ал ендігі өзгерістер партияның өзі ішіндегі топтардың ауысуын да көрсететін сияқты.

АҚШ-тың кейбір әскери мамандары «Ху Цзиньтао бірнеше генералды орнында қалдыруға тырысады. Ол генералдарды өзінің жекеменшік мирасындай сезінеді. Ал Си Цзиньпин болса өз төңірегіне кіретін, берілген адамдарды сол қызметтерге қоюға тырысады. Бірақ ол Ху Цзиньтаомен келіссөзге барады» деп болжайды.
Кейбір сарапшылардың ойынша мүдделі топтардың арасында ықпалға таластың болуы заңды. Қытайдың қазіргі жетекшісі Ху Цзиньтаоға пәрменді генералдар ол қызметінен кеткен соң да биліктегі ықпалы әлсіремеуі үшін керек.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG