Accessibility links

Азаттық тілшісі ерлігі үшін марапатталды


Азаттық радиосы Әзербайжан қызметінің журналисі Хадиджа Исмаилова. Баку, 16 наурыз 2012 жыл.

Азаттық радиосы Әзербайжан қызметінің журналисі Хадиджа Исмаилова. Баку, 16 наурыз 2012 жыл.

Азаттық радиосы Әзербайжан қызметінің журналисі Хадиджа Исмаилова Халықаралық әйелдер медиа қоры тағайындаған "Журналистикадағы ерлігі үшін" марапатына лайық деп танылды. Қор дүниежүзінің ақпарат құралдарындағы әйелдердің рөлін күшейтуді мақсат тұтады.

Хадиджа Исмаиловадан өзге марапатқа қазір түрмеде отырған эфиопиялық журналист Рийот Алему мен палестина жазушысы Асма әл-Гүл лайық көрілді. Пәкістанның ең ірі ақпарат құралында жұмыс істеген алғашқы әйел және әйел журналистерді қолдағаны үшін Зубейда Мұстафа "Өмірдегі табысы үшін" марапатына лайық деп танылды.

Хадиджа Исмаилова Әзербайжан үкіметіндегі сыбайлас жемқорлық фактілерін үнемі жариялап отырған еңбегі үшін марапатталып отыр. Журналиске қатысты бірнеше рет өсек таратылып, бопсалау жасалған.
XS
SM
MD
LG