Accessibility links

Атыста аман қалған ақтөбелік 12 жылға сотталды


Құрманқұл Ғабит Азаматұлы, Ақтөбеде полиция мен қарулы топ арасында болған қақтығыс кезінде тірі қалған шабуылдаушы.
Құрманқұл Ғабит Азаматұлы, Ақтөбеде полиция мен қарулы топ арасында болған қақтығыс кезінде тірі қалған шабуылдаушы.
Маусым айында Ақтөбеде арнайы жасақ сарбаздарымен атыста жараланып, аман қалған Ғабит Құрманқұлға бүгін сот үкім шығарды деп хабарлайды Азаттықтың осы облыстағы тілшісі. Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оны 12 жылға бас бостандығынан айырды.

Үкімді оқыған судья Шапағат Әлнияздың айтуынша, оған қылмыстық кодекстің он шақты бабы бойынша айыптар таққан. Судья тағылған айыптар бойынша заңда қарастырылған жаза ауыр екенін, бірақ айыптаушы жақ оның қылмыс жасаған кезде кәмелетке толмағанын ескеріп, "жазаны жеңілдеткенін айтқан.

Жәбірленуші тарап - маусымның 21-і күні қызмет бабымен жүріп оққа ұшқан жол инспекторы Темірбек Жақсылықбаевтың туыстары сот үкімі әділ болды-деп санайды. Ал, Ғабит Құрманқұлдың адвокаты Раушан Тәжімова облыстық сотқа апеляциялық шағым түсіретіндерін айтты.
XS
SM
MD
LG