Accessibility links

Грузияда жаңа үкімет құрамы бекітілді


Грузия премьер-министрі Бидзина Иванишвили (ортада). Тбилиси, 25 қазан 2012 жыл.
Грузия премьер-министрі Бидзина Иванишвили (ортада). Тбилиси, 25 қазан 2012 жыл.
Грузин парламенті миллиардер және саясаткер Бидзина Иванишвили басқаратын министрлер кабинетінің құрамын бекітті. Жаңа премьер-министрдің кандидатурасын 88 депутат қолдады, 54-і қарсы болды.

2012 жылы қазан айында өткен сайлауда оппозиция өкілі Иванишвилидің «Грузин арманы» блогы парламенттегі 150 орынның 85-ін иеленген. Иванишвили депутаттармен кездесуінде бір жарым жылдан кейін үкіметтен кететінін мәлімдеген.

Ол премьер-министр боларынан бұрын президент Михаил Саакашвилидің елді Батыспен жақындастыру саясатын, Грузияның Еуропа Одағы мен НАТО-ға кіру бағытын қолдайтынын айтқан. Иванишвили көршілес Ресеймен қарым-қатынасты жақсартуды да көздейді.
XS
SM
MD
LG