Accessibility links

Алматы-Ташкент жолында 7 адам мерт болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Оңтүстік Қазақстан облысы арқылы өтетін Алматы-Ташкент бағытындағы жолда көлік апатынан жеті адам қаза болды деп хабарлайды Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Жұма күні таңертең Түлкібас ауданы аумағында "Ауди" маркалы екі жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан жеті адам қаза болып, жарақат алған екі адам аурухана жеткізілген. Мерт болғандардың арасында 3 және 4 жасар екі бала бар.
XS
SM
MD
LG