Accessibility links

Сильвио Берлускони: сот саяси астары бар үкім шығарды


Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускони.
Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускони.
Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускони өзіне шығарылған сот үкімінің саяси астары бар деп мәлімдеді.

Жұма күні Милан соты Берлускониді салықтан жалтарғаны үшін айыпты деп танып 4 жылға түрмеге қамауға үкім шығарды, алайда іле-шала сот 2006 жылы қабылданған рақымшылық туралы заңға сүйеніп жаза мерзімін бір жылға дейін азайтты.

Соттың шешіміне сәйкес Италияның экс-премьері мемлекетке келтірген залалды өтеу үшін 10 миллион евро төлеуге міндетті. Әйткенмен заң бойынша Берлусконидің бұл сот шешіміне қарсы шағым беруге мұрсаты бар. Оның адвокаттары бұл мүмкіндікті пайдаланғалы отыр.

Сильвио Берлускониге оның меншігіндегі Mediaset компаниясының оффшорлық компаниялар арқылы іс-әрекет жасап, мемлекеттік органдарға салық төлегені туралы жалған ақпарат бергені үшін айып тағылған еді.
XS
SM
MD
LG