Accessibility links

Атлант мұхитының жағалауындағы бірнеше елдің аумағында жүрген жолын жайпап өткен Санди дауылы салдарынан құрбан болғандардың саны 40 адамға жетіп отыр.

Табиғаттың дүлей күшінен Кубада 11 адам, Гаитиде 26 адам мезгілсіз ажал құшқан. Багам аралдарының үстімен өткен дауыл қазір АҚШ жағалауына беттеп барады.

Америкалық мамандардың болжамы бойынша, жойқындығы жағынан Санди дауылы былтырғы Айрин дауылынан асып түспесе, кем соқпайды. Ресми мәліметтерге сәйкес, былтыр Айриннің салдарынан АҚШ-тың солтүстік-шығыс жағалауындағы елдімекендерге келген залал мөлшері миллиардтаған доллармен есептеледі.
XS
SM
MD
LG