Accessibility links

Прохоров: Ресейдің әкімшілік-аумақтық бөлінісін өзгерту керек


 Миллиардер Михаил Прохоров (оң жақта) апайы Иринамен бірге баспасөз мәслихатында отыр. Мәскеу, 4 қаңтар 2012 ж.
Миллиардер Михаил Прохоров (оң жақта) апайы Иринамен бірге баспасөз мәслихатында отыр. Мәскеу, 4 қаңтар 2012 ж.
Орыс миллиардері Михаил Прохоров Ресейдің әкімшілік-аумақтық бөлінісін өзгертіп, қайта құруды ұсынды. Ол бұл туралы бүгін Мәскеуде өткен "Азаматтық платформа" партиясының съезінде мәлімдеді.

Прохоровтың айтуынша, дәл қазіргідей ұлттық негіздегі әкімшілік-аумақтық бөлініс ХХ ғасырда Ресейде екі рет мемлекеттің - патшалық Ресей империясы мен Совет одағының күйреуіне алып келген. Ресейдегі қазіргідей мемлекеттік құрылыс экономикалық даму тұрғысынан алғанда тиімсіз және мұндай әкімшілік бөлініс коррупциялық билік жүйесіне қолайлы деп санайды миллиардер.

Сонымен бірге бүгінгі жиында Михаил Прохоров өзі негізін қалаған "Азаматтық платформа" партиясына мүше болып кіретінін және алдағы уақытта саясатпен айналысатынын мәлімдеді. Ресей әділет министрлігі бұл партияны биыл жазда ресми тіркеген.

Орыс олигархы Михаил Прохоров биыл наурызда Ресейде өткен президенттік сайлауда Владимир Путинге бәсекелес болған еді.
XS
SM
MD
LG