Accessibility links

Ирактағы жарылыстан 40-қа жуық адам өлді


Баласын жоқтаған ана. Ирак.
Баласын жоқтаған ана. Ирак.
Соңғы мәләметтерге қарағанда Иракта кеше болған террорлық актіден 40-қа жуық адам, негізінен мұсылман шииттер қаза тапқан.

Олардың көпшілігі Бағдад қаласының шииттер көп тұратын Садр-Сити кварталында кешке болған жарылыста өлген. Мұнда әуелі базар маңына таяу жерде мина қойылған көлік, сәлден соң автобус аялдамасы жарылған.

Террорлық акт мұсылмандардың Құрбан айт мерекесінің екінші күні жасалды. Бұл күндері мұсылман шииттер де ағайын-туыстарын аралап, бұрынғы өткен әулиелердің қабіріне барады.

БҰҰ-ның Ирактағы арнаулы елшісі Мартин Коблер террорлық актіге байланысты пікірін білдірді.
XS
SM
MD
LG