Accessibility links

New York Times Барак Обаманы қолдады


АҚШ президентін сайлау кампаниясы қарсаңында америкалық ықпалды басылымдардың бірі The New York Times газеті іс басындағы президент Барак Обамаға қолдау көрсетті.

Газеттің редакциялық мақаласында Обама әкімшілігінің экономикалық өсім мен сыртқы саясаттағы жетістіктерін жағымды қырынан бағалаған. Медициналық сақтандыру жүйесі бойынша реформаны да дұрыс қадам ретінде атап өткен. Дәстүрлі либералды газет Обаманың әлеуметтік саясатын да, атап айтқанда бір жынысты некеге тұрушыларды президенттің қолдағанын дажөн санаған. Ал Обаманың бәсекелесі республикашыл Митт Ромниді бұл газет сынға алған.

The New York Times 1960 жылдан бері президентік сайлау кезінде кандидат-демократтарға қолдау көрсетіп келеді.

Қоғамдық пікірге қарағанда екі кандидаттың арасында тартыс күшейіп тұр. 6 қарашада болатын сайлау алдында негізгі штаттар бойынша Обама алда келеді.

Бүгін АҚШ-тың шығыс жағалауына «Сэнди» дауылының жақындап келе жатқаны белгілі болған соң екі кандидат та үгіт-насихат жұмыстарынан бас тарта тұру жөнінде шешім қабылдады.
XS
SM
MD
LG