Accessibility links

Ақсақалдар Жаңаөзен атауын өзгертуді ұсынды


Жаңаөзен оқиғасы кезінде өртенген дүкен. Жаңаөзен, 28 сәуір 2012 жыл.

Жаңаөзен оқиғасы кезінде өртенген дүкен. Жаңаөзен, 28 сәуір 2012 жыл.

«Жаңаөзен қаласының атауы Бекет ата деп ауыстырылуы мүмкін. Маңғыстау облысы ақсақалдар кеңесінде ауыл қариялары басшылыққа осындай ұсыныс жасады» деп хабарлады бүгін «24-арна».

Бұл хабарға қарағанда «ақсақалдар ресми түрде құжат толтырып, 40 шақты қол жинаған. Облыстық әкімшіліктен соң ресми өтініш аймақтағы маслихаттың қарауына жіберіледі. Әрі қарай Жаңаөзен қаласын Бекет ата деп атау мәселесін онамастикалық комиссия қарайтын болады».

Былтыр 16 желтоқсанда Жаңаөзен қаласында 7 айға созылған мұнайшылар ереуілі күшпен басылған болатын. Осы оқиғаға байланысты негізгі сот процестері таяуда ғана аяқталған еді.
XS
SM
MD
LG