Accessibility links

Сирия бойынша өкіл Ресей министрімен кездеседі


БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Лахдар Брахими.
БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Лахдар Брахими.
БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Лахдар Брахими дүйсенбіде Мәскеуде Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездеседі.

Кездесу Сирияда мұсылмандардың құрбан айт мейрамы кезінде үкімет әскері мен көтерілісшілер арасында атысты уақытша тоқтату туралы келісімге төртінші күн толғанда өтейін деп отыр. Бірақ атысты тоқтату туралы келісім бұзылып, екі жақ бір-біріне соққы беріп жатыр.

Белсенділердің хабарына қарағанда, жексенбіде болған қақтығыстарда 110 адам құрбан болған. Одан бір күн бұрын да осыншама адам қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG