Accessibility links

Грузия 300 тұтқынды түрмеден босатады


Грузияның жазаның орындалуын қадағалау министрі Созар Субари.
Грузияның жазаның орындалуын қадағалау министрі Созар Субари.
Таяу күндері Грузия түрмелерінен 300-ге тарта тұтқын мерзімінен бұрын босатылады. Бұл туралы бүгін Грузияның жазаның орындалуын қадағалау министрі Созар Субари мәлім етті.

Оның айтуынша, ауыр қылмыстар жасамаған және жазасының үштен екісін өтеген тұтқындар босатылады.

Жексенбі күні кешке босатылған тұтқындар арасында "Джорджиан таймс" газетінің бас редакторы Малхаз Гулашвили де бар. Ол осыдан бір жыл бұрын "Кавкасия" телеарнасының тікелей эфирінде бұзақылық іс-әрекет жасады деп айыпталған еді. Бірақ Гулашвили өзін саяси себеппен тұтқындады деп санайды.
XS
SM
MD
LG