Accessibility links

Қырғызстанда күдікті "Хизб-ут-Тахрир" мүшесі ұсталды


Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік бойынша мемлекеттік комитеті елдің солтүстігінде тыйым салынған "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының мүшесі деген күдікпен ер адамды ұстады.

Азаттық радиосы Қырғыз қызметінің хабарлауынша, ұсталған азамат 1991 жылы туған. Оны тұтқындау кезінде экстремистік мазмұндағы діни әдебиеттер табылған. Үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті Қарақол қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
XS
SM
MD
LG