Accessibility links

Филиппиннің экс-президентін соттап жатыр


Филиппиннің экс-президенті Глория Арройо Манила әуежайында. 15 қараша 2011 жыл.

Филиппиннің экс-президенті Глория Арройо Манила әуежайында. 15 қараша 2011 жыл.

Филиппиннің бұрынғы президенті Глория Арройо өзіне тағылған мемлекеттік лотерея қорының миллиондаған доллар қаржысын мақсатсыз жұмсады деген айыпты мойындаудан бас тартып отыр.

Бүгін Манилада өткен сот отырысында ол сөйлеуден бас тартқандықтан, сот оны айыбын мойындағысы келмеді деп таныды. Бірақ ол өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып, елдің жоғарғы сотына істі тоқтатуды сұрады. Егер ол айыпты деп танылса, өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

65-жастағы Арройо Филиппинді 2001-2006 жылдары басқарды. Ол сотқа "мемлекет қаржысын мақсатсыз жұмсады және сайлауда заң бұзушылықтарға жол берді" деген айыптармен тартылып отыр. Қазір ол денсаулығы нашар болғандықтан әскери ауруханада қамақта отыр.
XS
SM
MD
LG