Accessibility links

Оппозициялық басылымдар сотқа шағымданды


"Голос Республики" газеті. (Көрнекі сурет).

"Голос Республики" газеті. (Көрнекі сурет).

Оппозициялық "Голос Республики" және "Взгляд" газеттері Маңғыстау облыстық сотына таяуда оппозиция белсенділеріне шыққан сот үкіміне қатысты үшінші жақ ретінде апелляциялық шағым түсіргенін хабарлады.

Қос басылым редакциясы шағымда Владимир Козловқа шыққан үкімнен өздеріне қатысты "экстремистік мазмұндағы басылымдар" деген айыпты жоққа шығарып, оны алып тастауды талап етеді.

"Сот іс жүзінде осы басылымдарда жарияланған материалдар Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздіктерге әкеп соқты деген қорытынды жасады. Біз үкімнен қандай материалдар туралы сөз болғанын көре алмай отырмыз. Тек сансыз газеттердегі көптеген жарияланымдар туралы жалпылама сөз бар" дейді заңгер Сергей Уткин қос басылым таратқан хабарламада.

Тіркелмеген оппозициялық "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козлов 2011 жылы желтоқсандағы Жаңаөзен оқиғасына қатысы бар деген бірнеше айыппен жеті жарым жылға сотталды.
XS
SM
MD
LG