Accessibility links

Тараз саудагерлері базарды қазір көшіруге қарсы


Саудагерлер наразылығы. Тараз, 29 қазан 2012 жыл.
Саудагерлер наразылығы. Тараз, 29 қазан 2012 жыл.
Қазанның 29-ы күні Тараз қаласында мыңнан аса саудагер «Төлебай» базарының қақпасының алдына жиналып, наразылық шарасын ұйымдастырды. Олар құрылысы бітпеген жаңа базарға көшпейтіндерін айтты.

Тараз қаласы әкімдігі бір апта бұрын қаулы қабылдап, қаладағы бірнеше базарды 29-31 қазан күндері басқа жаққа көшіру жөнінде шешім шығарған.

Әкімдіктің сөзінше, бұл іс «қаланың тарихи орталығын белгілеп отырған қайта жаңғыртылуына, сейсмикалық тұрақсыз арзан бір қабатты тұрғын үйлердің сырылуына, «Көне Тараз» этнографиялық тарихи-мәдени ойын-сауық кешенін құруға байланысты».

«САУДА ЖАСАЙТЫН ОРЫН ЖОҚ»

Базарды көшіруге наразы саудагерлер «мұражайдың ашылуына қарсы емес» екендерін, «қаланың көне тарихы дәл осы орталық базардың астында жатқанын түсінетіндерін» айтты.

– Тек мына базар мыңдаған отбасының бірден бір жұмыс орны, күнкөріс көзі. Ал бізді қара жерге алып барып, саудаңды жасай бер дейді. Орын жоқ, далада
Саудагерлер наразылығы. Тараз, 29 қазан 2012 жыл.
Саудагерлер наразылығы. Тараз, 29 қазан 2012 жыл.
қалсақ, бала-шағамызға қайдан нан тауып береміз? Тараз – шағын қала. Егер базар жабылса, елдің бәрі қайыршы болатыны анық. Бұл жерде ешкім байып, мыс-мыс ақша тауып жүрген жоқ. Тіршілік қамы, күнделікті азығын әупірімдеп тауып жүрген ел, – деді наразы саудагерлердің бірі Клара Ақназарова.

Саудагерлер жаңа базардың құрылысы әлі толық бітпегенін айтып, базарды көшіруді алты айға кідірте тұруды сұрайды.

− Алты ай уақыт берсін. Біз мұнда саудамызды жасайық. Несиеміз бар, өтейік. Жергілікті билік уәде еткендей бар жағдайды жасап, жеке-жеке орын дайындауын талап етеміз. Егер осы мұң-мұқтажымызды тыңдамаса, күн демей, түн демей наразылық шарасын тоқтатпаймыз, − деді Клара Ақназарова.

«САУДАГЕРЛЕРГЕ ОРЫН ДАЙЫН»

Тараз қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Олжас Ақылбаевтың айтуынша, «саудагерлерге жаңадан салынған «Ауыл береке», «Атакент-Тараз» базарына, Асқаров көшесінде орналасқан жаңа ірі сауда-базар кешеніне көшу
Саудагерлер наразылығын бақылап тұрған адамдар. Тараз, 29 қазан 2012 жыл.
Саудагерлер наразылығын бақылап тұрған адамдар. Тараз, 29 қазан 2012 жыл.
ұсынылған. Онда базарға келушілер мен саудагерлерге бүгінгі заман талаптарына жауап беретін барлық жағдай жасалған».

Олжас Ақылбаев әкімдік қаулысы жөнінде саудагерлерге бір апта бұрын хабар берілгенін айтты.

− Наразылық танытқан саудагерлерге Асқаров көшесінде орналасқан жаңа ірі сауда-базар кешенінде орын бар екенін базар басшысы Алтынбек Садырбаевтың өзі келіп айтты. Өкініштісі, саудагерлер осы күнге дейін «Төлебай» базарының иесі Төлебаевтың «базар көшпейді» деген сөзіне сеніп қалған көрінеді, − дейді Олжас Ақылбаев.

Саудагерлер наразылық шарасына шыққан кезде «Төлебай» базарына жарылғыш зат қойылыпты» деген қауесет те тарады. Жан-жақтан қоршап алған полицейлер базар маңына ешкімді жолатпай, күзетті күшейтіп, толық тексерді. Алайда жарылғыш затты таппады. Ал сот орындаушылары базардың қақпасын ашып, саудагерлерге тауарларын алып кетуін хабарлағанымен, ешкім тыңдамады.

Наразылық шарасында көшуге тиіс базарлардың басшылары көрінбеді.
XS
SM
MD
LG