Accessibility links

"Қорғас" кеден бекетінің басшысы ауысты


"Қорғас" бекетінде Қазақстан-Қытай шекарасынан өту үшін кезекте тұрған адамдар. Алматы облысы, 26 мамыр 2011 жыл
"Қорғас" бекетінде Қазақстан-Қытай шекарасынан өту үшін кезекте тұрған адамдар. Алматы облысы, 26 мамыр 2011 жыл
Қазақ-қытай шекарасында орналасқан «Қорғас» кеден бекетінің басшысы болып Ержан Әбдірахманов тағайындалды.

Бұл турасында қазанның 30-ы күні кешке қарай Қазақстанның қаржы министрлігіндегі кеденді бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпарат бұлағының дерегінше, Ержан Әбдірахманов осыған дейін «Достық» кеден бекетінің төраға орынбасары қызметін атқарып келген.

Бұған дейін қаржы полициясы Алматы облысы аумағындағы бірнеше бекетте контрабандалық тауарлармен айналысқан ірі ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталғанын хабарлап, топ мүшелері арасында «Қорғас» бекетінің бұрынғы басшысы Бақытжан Айдаровтың да есімі аталып еді.
XS
SM
MD
LG