Accessibility links

АҚШ Украинадағы сайлауды сынады


АҚШ мемлекеттік департаментінің логотипі. (Көрнекі сурет).
АҚШ мемлекеттік департаментінің логотипі. (Көрнекі сурет).
АҚШ Украинада өткен парламент сайлауын "елдің демократияға барар жолдағы кері шегінуі" деп бағалады.

Бұл туралы дүйсенбі кешке мемлекеттік департаменттің өкілі Марк Тоунер мәлімдеді. Оның айтуынша, Украина билігінің сайлау қарсаңында бәсекелестерін қуғындап, әкімшілік ресурстарды пайдаланғанына айғақтар жеткілікті. Вашингтон бюллетендерді санау кезінде бұрмалаушылықтар болғаны туралы хабарларға да алаңдап отыр.

Бұған дейін Украинадағы ЕҚЫҰ бақылаушылар миссиясының басшысы Вальбурга Габсбург Дуглас та парламент сайлауын сынаған еді. ЕҚЫҰ бақылаушылары украин оппозициясының жетекшілері - Юлия Тимошенко мен Юрий Луценконың түрмеге жабылып, сайлауға қатыса алмағанына өкініш білдірді.

ТМД-дан барған бақылаушылар керісінше Украинадағы сайлауды "еркін және демократиялық түрде өтті" деп бағалады.
XS
SM
MD
LG