Accessibility links

ДСҰ Тәжікстанды мүшелікке қабылдауға әзір


Дүниежүзілік сауда ұйымына кірген елдердің картасы. Көк түспен ұйымға мүше елдер белгіленген. (Көрнекі сурет).

Дүниежүзілік сауда ұйымына кірген елдердің картасы. Көк түспен ұйымға мүше елдер белгіленген. (Көрнекі сурет).

Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) Тәжікстанның осы ұйымға кіру туралы өтінішіне оң қарайтынын мәлім етті. ДСҰ-ның хабарлауына қарағанда, ұйымға мүше барлық мемлекеттер тәжік жұмысшы тобы қарауға ұсынған құжаттарды мақұлдайды деген болжам бар.

Тәжікстанның ДСҰ құрамына қабылдау туралы нақты шешім 11-12 желтоқсанда өтетін ұйымның басты кеңесінде қабылдануы тиіс.

Тәжікстан ұйымға кіруге 2001-жылдан бері талпынып келеді. Егер Душанбе барлық талапты орындап, өтініші қабылданар болса, онда 2013 жылдан бастап ұйымның толыққанды мүшесі атанады.
XS
SM
MD
LG