Accessibility links

Мәслихат сайлауының нәтижесі шықты


Кезектен тыс парламент және жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауына дауыс беріп жатқан сайлаушы. Алматы, 15 қаңтар 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Кезектен тыс парламент және жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауына дауыс беріп жатқан сайлаушы. Алматы, 15 қаңтар 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Қазақстанның 11 аймағында жергілікті мәслихаттардағы босаған депутаттық орындардың көпшілігіне "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясының өкілдері сайланды деп хабарлайды орталық сайлау комиссиясы.

Сайлау комиссиясының ресми сайтындағы деректерге қарағанда, 28 қазанда өткен сайлауда 10 облыстық, 8 қалалық және 27 аудандық мәслихатқа барлығы 45 депутат сайланған. Олардың 42-сі - "Нұр Отан" партиясынан, бір депутат - Қазақстан халықтық коммунистік партиясынан, қалған екеуі - өзін-өзі ұсынғандар.
XS
SM
MD
LG