Accessibility links

"Қазақмыс" пен кәсіподақ келіссөзі сенбіде жалғасады


Жезқазғанда республикалық тау-кен өнеркәсібі жұмысшылары кәсіподағының жергілікті өкілдері "Қазақмыс" корпорациясы өздеріне берілген кеңсені тартып алды деп хабарлады.

Азаттық тілшісімен тілдескен кәсіподақ төрайым Сәуле Сейдахметованың айтуынша, 29-қазанда кәсіподақ жұмысшыларының кеңседе жоқтығын пайдаланған белгісіз адамдар кеңсе орналасқан ғимараттың барлық құлыптарын ауыстырып тастаған. Сейдахметова кәсіподақтың кеңсені 40 жылдан бері жалдап келе жатқанын, енді оған өздері кіре алмай отырғанын айтады.

Бірақ ақпарат құралдарына арнап таратқан хабарламасында "Қазақмыс" корпорациясы кәсіподақ өкілдерін корпорацияның бас кеңсесіне басып кірмек болды деп айыптайды. Басшылық кәсіподақ өкілдері келісім-шартты сақтамай, болып жатқан оқиғаларды өз пайдасына шешуді көздейді деп санайды.

Бүгін кәсіподақ басшысы Айбол Болатбеков "Жезқазғантүстіметал" кәсіпорнының бас директоры Гаким Акбетовпен кездесті. Келіссөздер сенбі күні қайта жалғасатын болды.

"Жезқазғантүстіметал" "Қазақмыс" корпорациясының құрамына кіреді.
XS
SM
MD
LG