Accessibility links

Шымкентте атысқа қатысқан тағы бір адам қайтыс болды


Бүгін Шымкентте дүйсенбіде қала маңында болған атыс кезінде жараланған ер адам қайтыс болды деп хабарлайды Bnews.kz агенттігі.

Жедел медициналық жәрдем ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Сәуле Намазбекованың айтуына қарағанда, пышақ тиіп жараланған жас жігіт ауруханада көз жұмған. Атысқа қатысып, ауыр жараланған тағы бір адам жан сақтау бөлімінде жатыр.

Дүйсенбіде Шымкенттің маңындағы ауылдардың бірінде ірі атыс болған еді. Оқиға кезінде 1 адам қайтыс болып, 14-і жараланған.
XS
SM
MD
LG