Accessibility links

Грузияда экс-премьердің қазасы қайта тергеледі


Грузияның экс-премьері Зураб Жвани.

Грузияның экс-премьері Зураб Жвани.

Грузияның жаңа бас прокуроры Арчил Кбилашвили бұрынғы премьер-министр, 2005 жылы ақпанда қайтыс болған Зураб Жванидің өлімін қайтадан тергеуге уәде берді.

Ресми нұсқа бойынша, Жвани улы газ тиіп қайтыс болды делінген. Бірақ оның туыстары бұған сенбейді. Оның бауыры Георгий Жвани ағасы грузин режимінің тапсырысы бойынша өлім құшты деп санайды.

Георгий Жвани жаңа шақырылымдағы парламентке Бидзина Иванишвили коалициясының депутаты ретінде қызметке кіріскен.
XS
SM
MD
LG