Accessibility links

Ресейде оппозиция саяси тұтқындарды босатуды талап етті


Саяси тұтқындарды қолдауға арналған шеру. Мәскеу, 30 қазан 2012 жыл.

Саяси тұтқындарды қолдауға арналған шеру. Мәскеу, 30 қазан 2012 жыл.

Мәскеуде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні саяси тұтқындарды қолдау акциясына қатысқандар қарар қабылдады. Онда 6 мамырда Болотной алаңындағы оқиғада тұтқындалғандарды және басқа да "заңсыз қамалғандарды" босатуды талап етті.

Қарарды қабылдағандар бұған қоса Киевте оппозиционер Леонид Развозжаевті кім ұрлағанын анықтауды және тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкиннің отставкаға кетуін де талап етті.

Новопушкинск алаңындағы құқық қорғаушылар ұйымдастырған шеруге шамамен 2 мыңға тарта адам қатысты. Сөйлегендердің көпшілігі биліктің оппозицияны қудалауы күшейгенін және саяси тұтқындарды белсенді түрде қорғау қажет екенін айтты. Болотнойдағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген күдікке ілінген Сергей Удальцов оппозиция жақтастарын желтоқсан айының басында жаппай шерулер өткізуге шақырды.
XS
SM
MD
LG