Accessibility links

Ливияда наразылар үкімет үйіне басып кірді


Ливияда демонстранттар Ұлттық ассамблея ғимаратына басып кіріп, жаңа үкімет құрамына дауыс беру процесін тоқтатып тастады. Үкімет үйіне басып кіргендер арасында қарапайым адамдар мен экс-президент Муаммар Каддафи режимімен күреске қатысқан бұрынғы көтерілісшілер де болды.

Наразылық танытушылар министрлік қызметтеріне ұсынылған бірқатар кандидаттарға көңілдері толмайтындығын білдірді. Кандидаттар арасында исламшылдар мен либералдар, Ливияның түрлі аймағынан шыққандар да бар.

Елдің жаңа премьер-министрі Әли Зейдан министрлікке ұсынған кандидаттарды сайлау келесі күнге ауыстырылды.
XS
SM
MD
LG