Accessibility links

Германияда Түркияның ЕО-ға қосылуы туралы айтылды


Германия сыртқы істер мниистрі Гидо Вестервелле.
Германия сыртқы істер мниистрі Гидо Вестервелле.
Германия сыртқы істер мниистрі Гидо Вестервелле Түркияның Еуропа Одағына (ЕО) қосылу туралы келісімдерді қайта бастауға болатынын мәлімдеді.

Берлинде Түркияның жаңа елшілігінің ашылуында сөйлеген Вестервелле "Еуропа Одағы мен Түркия қарым-қатынасында жаңа леп пайда болатынына" сенім білдірді.

Елшіліктің ашылу салтанатына Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған да қатысты. Ол бүгін Германия канцлері Ангела Меркельмен келіссөздер жүргізеді.

Ангела Меркель жетекшілік ететін христиан демократтар Түркияның ЕО-ға қосылуын қолдай қоймайды. Бірақ басқарушы коалициядағы Вестервелле жетекшілік жасайтын еркін демократтар керісінше ЕО-ның Анкарамен жақын байланыс орнатқанын қалайды.
XS
SM
MD
LG