Accessibility links

Алматыда тұрғындар наразылық білдірді


Экспедиция елді-мекеніндегі жарықтың берілмегеніне наразы халық жолды жауып тастады. Алматы, 31 қазан 2012 жыл. (Сурет Қуат Домбайдың Facebook парақшасынан алынды).

Экспедиция елді-мекеніндегі жарықтың берілмегеніне наразы халық жолды жауып тастады. Алматы, 31 қазан 2012 жыл. (Сурет Қуат Домбайдың Facebook парақшасынан алынды).

31 қазанда Алматы қаласы Әуезов ауданындағы Экспедиция ықшам
ауданынының тұрғындары қалаға баратын көлік жолын жауып тастады.

Оқиға куәгері, интернет қолданушы Қуат Домбай өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жолды бөгеп тастаған адамдардың саны қырыққа жеткенін жазған.

"Жиналғандар үш-төрт күннен бері жарықсыз отырғандарына наразылық білдірген. Көбі – зейнеткерлер мен әйел адамдар. Жарықты бермей көшені босатпайтындарын айтып тұрды" дейді куәгер.

Халық жарықтың жоқтығына наразылық білдіргенін Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімдігі де растады.

- Экспедиция ықшам ауданында төрт күннен бері жарық жоқ. Халықтың наразылығын да білеміз. Жолды жауып тастаған тұрғындарға барып, жағдайды түсіндірдік. Экспедиция ықшам ауданына жарық беретін стансалардың бірінде ақау табылып, қазір ол күні-түні жөнделіп жатыр. Жөндеу жұмыстары біте сала жарық беріледі. Ал жөндеу жұмыстары нақты қашан аяқталатынын білмейміз, - деді әкімдіктің коммуналдық қызметінің маманы Азаттыққа берген сұхбатында.
XS
SM
MD
LG