Accessibility links

АҚШ-та дауыл құрбандарының саны 63-ке жетті


Дауылдан зардап шеккен аудан. Нью-Йорк, 30 қазан 2012 жыл.
Дауылдан зардап шеккен аудан. Нью-Йорк, 30 қазан 2012 жыл.
АҚШ-та "Сэнди" дауылынан қаза тапқан адамдар саны соңғы деректер бойынша 63 адамға жетті. Олардың 20-сы Нью-Йоркте құрбан болған.

АҚШ-тың шығыс жағалауларындағы дауылдан зардап шеккен штаттарда қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Нью-Йоркте жабылып қалған мекемелер ашылып, тұрғындар жұмысқа кірісе бастады. Бірақ қаладағы көлік қатынасы, әсіресе Төменгі Манхэттен ауданындағы көлік қозғалысы әлі нашар.

Метро суға толып, жұмыс істемей тұрғандықтан, көшелерде көлік кептелісі пайда болған. Қала мэрі Майкл Блумберг жұмаға дейін Манхэттен ауданында жеке меншік көліктердің жүруіне шектеу қойды.

Сәрсенбіде дауыл мен су тасқынынан қатты зардап шеккен Нью-Джерси штатына барған президент Барак Обама қазіргі басты міндет - электр қуаты жоқ аудандарға жарық беру екенін айтты. Қазір дауыл тұрып, су басқан аймақтарда бірнеше миллион адам әлі жарықсыз отыр.

Табиғи апаттан зардап шеккендермен жүздескен Обама федералды үкімет жергілікті билікке апат салдарын жоюға көмек беретінін айтты.
XS
SM
MD
LG