Accessibility links

Клинтон Сирия оппозициясын өзгеріс жасауға шақырды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон баспасөз жиынында сөйлеп тұр. Загреб, Хорватия, 31 қазан 2012 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон баспасөз жиынында сөйлеп тұр. Загреб, Хорватия, 31 қазан 2012 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Сирия оппозициясының басшылығында өзгерістер жасауға шақырды.

Хорватия астанасы Загребте сөйлеген Клинтонның айтуынша, "Вашингтонның ұстанымы - Башар Асад режиміне қарсы күресіп келе жатқан оппозиция барлық сириялықтың сөзін сөйлеуі қажет" деген пікір. Клинтон оған қоса оппозиция басшылығына Сирия ұлттық кеңесіне біріккен саяси эмигранттар ғана емес, "Сирияның бостандығы үшін күресіп, жанын қиятын" қатардағы сириялықтар да кіруі қажет деді.

АҚШ мемлекеттік хатшысы оппозицияға радикалды исламшылдар басшылық ететініне қарсылық білдіріп, оларды "төңкерістің мәнін жоғалтады" деп айыптады. Клинтон келесі аптада Катарда өтетін Сирия мәселесі бойынша халықаралық кездесу Сирия оппозициясының бірігуіне көмектесуі мүмкін екенін айтты.

Сәрсенбіде Ресей мен Франция сыртқы істер министрлері Сергей Лавров пен Лоран Фабиус Сириядағы жағдайды талқылаған. Мәскеу мен Париждің ұстанымы Башар Асадтың болашағына қатысты мәселеде жараспады. Франция Асадтың болашақта құрылуы мүмкін кез-келген өтпелі үкіметке кіруіне қарсы болса, Мәскеу оны қолдайды.
XS
SM
MD
LG